Жерсілкінісінен зардап шеккен аймақтарды қайта құру үкімет жұмысының күн тәртібінде қарастырылуда
(last modified Wed, 15 Nov 2017 09:07:05 GMT )
Қар 15, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Жерсілкінісінен зардап шеккен аймақтарды қайта құру үкімет жұмысының күн тәртібінде қарастырылуда

Иран Президенті Рухани елдің батысындағы Керманшаһ облысының жерсілкінісінен зардап шеккен аймақтары халықтарының қажеттіліктері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, зілзаланың зияндары мен келтірген нұқсандарын қысқа уақытта өтеу керектігін қуаттады.

Жексенбі  күні Иранның батысы мен Ирактың шығысының әртүрлі аймақтарында Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жерсілкінісі болды.  Осы уақытқа дейін жерсілкінісі салдарынан 432 адамның қаза болғаны және 7817 адамның    жараланғаны  хабарланды. Хасан Рухани  сейсенбі күні Керманшаһ облысы дағдарысын басқару штабының отырысында облыста табиғи апаттың орын алуына, соның салдарынан халықтың қаза болуы мен жарақат алуына өкініш білдіріп: "Бүгін Иранда бауырластық пен тілектестік сынақтан өтуде. Иранның бүкіл халқы  Керманшаһ халқының уайым-қайғысына ортақтастық білдіріп, қиындықтарды шешуге көмектесуде. Мектеп пен ауруруханалар және жол салу, сондай-ақ, электр қуаты және сумен қамтамасыз ету – үкіметтің міндеті. Сондықтан, Иран үкіметі бұл жұмыстарды жылдамырақ іске асыруға талпыныс жасайды",- деді.