Иран Мәжілісінің өкілдері Арабстанның Йеменге жасаған шабуылын айыптады
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің өкілдері Сауд Арабиясының Йемен халқын қыруын айыптап, халықаралық қауымдастықтан әл-Сауд режимінің қылмыстарына назар аударып, оны қарастыруды сұрады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің 191 өкілі сәрсенбі күні мәлімдеме жариялап, батыс ақпарат құралдарының Йемен халқының қырылуы мен әл-Сауд режимінің оларды босқынға айналдырып жатқанына үнсіздік танытып отырғанына тоқталып: «Арабстанның әртүрлі қару-жарақпен Йемен халқын қыруына адам құқығы туралы уәж айтып, қорғайтын батыс елдері мен Америка неліктен үнсіздік танытып отыр?» деді.
Сауд режимі Американың қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменге шабуыл жасауды бастады. Соның салдарынан он үш мың йемендік өлтіріліп, он мыңдаған адам жараланып, миллиондаған йемендік босқынға айналып, елдің инфрақұрылымдары қиратылды.