Қар 22, 2017 22:37 Asia/Almaty
  • Велаяти: Мұсылман халықтары арасында ғиззат пен өзіне деген сенім рухы нығайды

Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының бас хатшысы: "Азияның батысындағы қазіргідей өтпелі маңызды кезеңдегі жетістіктер мен табыстар мұсылман халықтары мен азаттықты қалайтын адамдардың арасында ғиззат пен өз-өзіне деген сенім рухын нығайтты" деді.

Әли Акбар Велаяти бүгін сәрсенбі күні Теһранда Аһле бейт халықаралық саммитының ашылу рәсімінде исламдық оянуды "үстемшілдікке, сионизм мен зұлымдыққа қарсы" деген үш көрсеткішке ие деп атап: "Америка мен сионизмге қарсы Исламдық ояну толқыны өткен жылдары кейбір ислам елдерінде пайда болып, халықаралық жүйенің құрылымын түйткілге ұшыратты" деді. Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының бас хатшысы фракциялықты, исламның әртүрлі қауымдары мен мазхабтарының тәкфірі мен ислам елдеріндегі күнәсіз адамдарды өлтіруді ислам әлемінің түйткілдерінің бірі деп атап: "Дұшпан  ислам елдерінің байлығын тонап, мұсылмандарға экономикалық, әлеуметтік және ғылыми салалардағы артта қалушылықты таңу үшін оларды бөліп, әлсіретіп, бүлік пен соғыс жағдайында ұстауға талпыныс жасауда. Американың басшылығындағы үстемшіл жүйе мен сионистік режимнің жан-жақты қолдауымен халықтардың құқықтарына шабуыл жасап, ислам елдерінің қорларын тонап, мұсылмандарға тиесілі жерлерді басып алу ислам әлемінің үлкен бөлігіне қатер төндіріп тұр" деді. 

Тегтер