Зариф: Иран мен Ресей және Түркия дұрыс бағытта келеді
(last modified Thu, 23 Nov 2017 08:40:11 GMT )
Қар 23, 2017 14:40 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мен Ресей және Түркия дұрыс бағытта келеді

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісінде: "Сирия халқына қауіпсіздік орнату мен бейбітшілікті тұрақтандыруда көмектесу мақсатында өткен Сочи отырысы ИИР мен Ресей және Түркияның дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетті",- деп жазды.

Зариф Сочиде Иран мен Ресей және  Түркия президенттерінің отырысы басталар алдында  Twitter-дегі жеке парақшасында: "Бейбітшілік үшін және лаңкестікпен күрес мақсатында шынымен жұмыс жасап жатқанда бос әрі жалған сөздердің, әсіресе "жалтыраған шарлар" туралы сөздердің қажеті жоқ. ("Жалтыраған шар" – Трамп Сауд Арабиясының патшасы және Мысыр президентімен бірге қолдарын қойған шар)",- деп жазды.

 

 

Тегтер