Сардар Салами: Жік салу – АҚШ-тың аймақтағы негізгі мақсаты
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары америкалықтардың негізгі мақсатының ислам әлемі елдерінің арасына жік салып, ислам әлемінің қоғамдық ой-пікірін сионистік режимнен бұрмалап, Иранның аймақтағы ықпалына тосқауыл қою екенін қуаттады.
Сардар Хосейн Салами Иран теледидарының бірінші арнасының «Бір көзқарас» бағдарламасына қатысқанда Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобының тарихи жеңілісіне тоқталып, бұл жеңілісті ислам тарихының мақтан тұтарлық оқиғасы деп атап: "Тәкфиршіл топтар мен олардың басшылары ислам үмбетіне ауыр соққы беріп, ислам әлемін дүниежүзіне қатыгез етіп көрсетуді көздеді",- деді.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары бұл жеңістің лаңкестік топтың демеушілеріне үлкен соққы болғанын қуаттап: "АҚШ пен кейбір басқа үкіметтер ДАИШ тәкфиршіл лаңкестік тобын қолдап, сионистік режимнің мүддесін ойлап, аймақ елдерінің арасына жік салу арқылы оларды әлсіретпек болды. Бірақ, бұл қастандық залалсыздандырылды",- деп баса айтты.
Сардар Салами ДАИШ қатерінің шынайы болғанын қуаттап: "Егер ДАИШ-тың жеңістері мен қалалардың олардың бақылауына алынуы жалғасқанда, адами апат Ирак пен Сирияға ғана емес, ислам әлемінің маңызды бөлімдеріне де таралатын еді. Бүгінде Хизболла Сирия мен Ирак қақтығыстарына қатысқан жүздеген мың күштері және 33 күндік соғыста ие болған зымырандарынан он есе артық зымыранға ие болып, сионистер Ливанға шабуыл жасауды ойламайтындай күш-қуатқа ие. Бірақ саудиялықтар мұны түсінбеді",- деді.