Ислам революциясының жетекшісі: Жалған көріністердің салдарынан шәһидтерді ұмытуға болмайды
Иран Ислам революциясының жетекшісі шәһидтерді және жанкештілік пен шәһид болуды талап ету рухын ұмытпаудың маңыздылығына тоқталып: «Соңғы ғасырларда біздің тарихымыздағы ең жақсы әрі жарқын адамдар Иран мен революцияны қорғауға асыққан жанкешті жастарымыз болды»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісі қазан айының 22 күні Батыс Әзірбайжан облысының 12 000 шәһидіне арналған Конгресті ұйымдастырушылардың алдында сөйлеген сөзі жексенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Урумиеде Конгресс өткен мекенде жарияланды.
Аятолла Хаменеи бұл кездесуде жанкешті әрі ержүрек адамдар майданға шықпаған кезде Иранның қорлыққа тірелгеніне, ал батыл адамдар қасиетті қорғаныс кезіндегіндей майданға шыққан кезде Иранның абыройы мен беделін көтергеніне тоқталып: «Кейбір жалған көріністер мен өтіріктердің салдарынан шәһидтерді және шәһидтердің Конгресі сынды жұмыстарды ұмытуға болмайды»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі Батыс Әзірбайжан облысының жанкешті халқының Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы күннен бастап дұшпандарға қарсы күреске қатысуын мадақтап: «Батыс Әзірбайжан халқының күрес майданы мен Сардашттағы химиялық шабуыл сынды қиындықтардың алдында сабыр сақтауы бұл облыстың халқының айбынын көрсетті»,- деді.