Жел 04, 2017 15:43 Asia/Almaty
  • Аятолла Араки: Ұлық Пайғамбарды (с.ғ.с) еске алу бірлікке жеткізеді

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы: "Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) болмысы ислам үмбетін бірлікке жеткізеді",- деп қуаттады.

Аятолла Мохсен Араки жексенбі күні кешке  ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында бірлік пен оның қалыптасуындағы Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) болмысы жайлы баяндап, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с) болмысы, есімі мен пайғамбарды еске алудың бірлікке шақыратынын айтып: "Мұсылмандар бірлікке қол жеткізу үшін пайғамбар тарапынан айтылған бұйрықтарды орындау жолында әрекет етуі тиіс",- деді.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы шиіттер мен сүниттердің бірлігін келіспеушіліктерге толы мәселелерді қойып, ортақ тұстарға сүйеніп, оларды бір-бірімен өзара әрекеттестік және ислам әлемі мен халықаралық сахнаға қатысты мәселелерді шешуде негіз етіп алу деп атап: "Келіспеушілік деген исламдық бауырластық пен мұсылмандардың дұшпанға қарсы бірлігіне кедергі емес",- деп баса айтты.

Аятолла Мохсен Араки сондай-ақ ДАИШ ағымының әлі де кейбір қауымдастықтар арасында бар екеніне тоқталып: "Енді әскери емес кезең саналатын ДАИШ-тен кейінгі кезеңде үлемдер, өнерпаздар, БАҚ қызметкерлері, көзі ашық сауатты адамдар мен тұтқыннан азат етілгендердің барлығы «даиштық» пікірді толығымен жою үшін талпыныс жасауы керек",- деді.

 

 

Тегтер