Иран АҚШ Президентінің аға кеңесшісінің негізсіз уәждеріне реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Президентінің аға кеңесшісі Джаред Кушнердің Иранға қарсы негізсіз уәждерін америкалық басшылардың дәрменсіздігі мен үмітсіздіктерінің нәтижесі деп атады.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың күйеу баласы әрі аға кеңесшісі Джаред Кушнер жексенбі күні Брукинг ұйымының Таяу Шығыс саясаты орталығында елінің әлемді Иранға қысым көрсету үшін жұмылдыру бағытындағы талпыныстарының айтарлықтай ілгерілегені туралы уәж айтты.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні: "Егер ИИР аймақтағы, атап айтқанда Ирак пен Сириядағы лаңкестік қоқан-лоққыларына қарсы күреспегенде бүгінде АҚШ көшелері экстремистік топтардың лаңкестік әрекеттеріне куә болар еді. АҚШ Президентінің аға кеңесшісінің Иранды экстремизммен айыптауы америкалық басшылардың Иранның лаңкестікке қарсы талпыныстарының алдындағы дәрменсіздіктерінің белгісі. Сондықтан олар Иранға қарсы негізсіз уәж айтуда",- деді.