АҚШ, сионистік режим мен олардың аймақтағы қолшоқпарлары – қазіргі заманның перғауындары
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32769-АҚШ_сионистік_режим_мен_олардың_аймақтағы_қолшоқпарлары_қазіргі_заманның_перғауындары
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ, сионистік режим мен оларға бағынышты реакционерлерді қазіргі заманның перғауындары деп атап: «Кейбір америкалық саясаткерлер «Сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтап, ислам әлемінің қанды денесінің дамуға қауқары болмауы үшін Таяу Шығыс аймағында қақтығыстар тудыру керек» деп мойындады»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 07, 2017 11:46 Asia/Almaty
  • АҚШ, сионистік режим мен олардың аймақтағы қолшоқпарлары – қазіргі заманның перғауындары

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ, сионистік режим мен оларға бағынышты реакционерлерді қазіргі заманның перғауындары деп атап: «Кейбір америкалық саясаткерлер «Сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтап, ислам әлемінің қанды денесінің дамуға қауқары болмауы үшін Таяу Шығыс аймағында қақтығыстар тудыру керек» деп мойындады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ, сионистік режим мен оларға бағынышты реакционерлерді қазіргі заманның перғауындары деп атап: «Кейбір америкалық саясаткерлер «Сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтап, ислам әлемінің қанды денесінің дамуға қауқары болмауы үшін Азияның батыс аймағында қақтығыстар тудыру керек» деп мойындады»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) мәуліті мен хазірет имам Джафар Садықтың (ғ.) туған күні үш биліктің басшылары, жүйенің бірқатар жауапты тұлғалары, ислам елдерінің елшілері және «Исламдық бірлік» конференциясына қатысушылармен кездесіп, аймақтағы кейбір басшылардың АҚШ-тың талап-тілектеріне жақтасатындығына өкініш білдіріп: «ИИР-ның мұсылман елдерімен қайшылықта болатындай еш себеп жоқ. Иран өз ішінде де бірлік пен бауырластық орнатқандай, ислам әлемінде де бірлік пен одақтастықтың орнауын көздеп келеді»,-деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың түпкілікті мақсатын тәкфирлік топтарды құрып,  шиіттер мен сүнниттер арасында соғыс тудыру деп атап: «Құдай біздің дұшпандарды ақымақ етіп жаратқан. Сондықтан дұшпандардың мақсаты, яғни мазхабтық соғыс жүзеге асқан жоқ. Иншалла, болашақта да жүзеге аспайды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі ислам дұшпандарының Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялау туралы уәждерінің олардың дәрменсіздігінен туындағанын айтып: «Ислам әлемі осы қастандыққа қарсы тұрып, сионистер бұл істен бұрынғыдан да ауыр соққы көріп, қасиетті Палестинаның түбінде азаттық алатыны күмәнсіз»,-деді.