Жел 07, 2017 15:33 Asia/Almaty
  • Рухани мұсылмандардың үстемшілдер мен сионистердің алдында қырағы болуы қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті әлемдік үстемшілдер мен АҚШ пен сионистік режимнің әрдайым аймақтағы халықтарға қарсы қастандық ұйымдастыруды көздеп келе жатқанын айтып, дұшпандардың қастандықтары алдында ислам елдері мен халықтарының қырағылық пен табандылық сақтауы қажеттігін қуаттады.

ИИР Президенті кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша,  Хасан Рухани  сәрсенбі күні ИИР жүйесінің жауапты тұлғалары және қызметкерлері, ислам елдерінің елшілері және «Исламдық бірлік» атты 31-ші халықаралық конференцияға қатысушылардың Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде сөйлеген сөзінде ислам әлемінің қазіргі қиындықтарын Құран Кәрім мен уәһиден алшақтаудың салдары деп атап: «Аймақтың мұсылман халықтары лаңкестерді жеңгеннен кейін, үстемшілдер мен сионистер жаңа қастандық ойластырып жатыр»,-деді.

ИИР Президенті қасиетті Құдстың азаттығын нысанаға алуды дұшпандардың жаңа қастандығы деп атап: «Құдс Ислам әлемі мен Палестинаға тиесілі»,-деді.

ИИР Президенті мұсылмандардың, соның ішінде Палестина халқының Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялау қастандығына бір кісідей қарсы шығатынын қуаттап: «Бұл мәселеге қатысты Ислам елдері мен Ислам ынтымақтастық ұйымына ауыр жауапкершілік жүктелген»,-деді.

 

Тегтер