Жетекшінің Эксперттер мәжілісі Трамптың Палестинаға қарсы әрекетін айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32835-Жетекшінің_Эксперттер_мәжілісі_Трамптың_Палестинаға_қарсы_әрекетін_айыптады
Жетекшінің Эксперттер мәжілісі АҚШ-тың сионистік режимнің астанасы ретінде Бейт әл-Мұқаддасты мойындауын басқыншы режимнің құлдыруы жолында үлкен қадам болып, Палестинаның мақсаттарының орындалуында қажетсіз іс болғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 09, 2017 16:21 Asia/Almaty
  • Жетекшінің Эксперттер мәжілісі Трамптың Палестинаға қарсы әрекетін айыптады

Жетекшінің Эксперттер мәжілісі АҚШ-тың сионистік режимнің астанасы ретінде Бейт әл-Мұқаддасты мойындауын басқыншы режимнің құлдыруы жолында үлкен қадам болып, Палестинаның мақсаттарының орындалуында қажетсіз іс болғанын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп желтоқсанның алтысы күні аймақтық және әлемдік жаппай қарсыластыққа қарамастан Құдсты жалған Израиль режимінің астанасы деп жариялады.

Жетекшінің Эксперттер мәжілісі мәлімдеме жариялап: «АҚШ президентінің арандатушы әрі жетесіз шешімі жаңа қастандық, ислам мен мұсылмандарға қарсы дұшпандардың кегінің белгісі және қаналған Палестина халқының құқығын бұзушылық болып табылады. Бұл қастандық халықаралық резолюцияларды әшкере түрде бұзып қана қоймай, Ақ үй мен Израиль режимі басшыларының ДАИШ содырларының жеңілісі мен Таяу Шығыста, әсіресе Ирак пен Сирия жерінде бүлік тудыру бағдарламалары сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жоспарларын көрсетеді.

АҚШ пен әлемдік үстемшілдік Палестинадағы сионистік режимнің барлық қылмыстарына сыбайлас. Ислам үмметі мен әлемнің азаттық сүйгіш халқы мұндай істі ешқашан ұмытпайды» деп қуаттады.