Жел 11, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • Буруджерди: Құдс – Палестинаның соғып тұрған жүрегі

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Құдсты Палестинаның соғып тұрған жүрегі деп атап, АҚШ президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындауының БҰҰ-ның қарарларына қайшы келетінін қуаттады.

Алаэддин Буруджерди жексенбі күні Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Теһрандағы өкілі Халед Қадумимен кездесуінде Палестинаның ислам әлемінің ең маңызды мәселесі ретіндегі маңыздылығын баса айтып: "ИИР-ның саясаты әрдайым Палестина халқына қолдау көрсетіп, оның басып алынған барлық жерін азат ету болып табылады",- деп мәлімдеді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы сондай-ақ Сауд Арабиясының Құдсты басып алушы режиммен қатынастарын қалыпқа келтіру саясатын сынға алып: "Сауд Арабиясының сионистік режиммен қатынасын қалыптандыруға бағытталған саясаты бұл елді батпаққа батырады",- деді.

ХАМАС қозғалысының Теһрандағы өкілі Халед Қадуми да кездесуде АҚШ-тың саясатын Палестина халқына қарсы тұрып, онымен күрес екенін айтып: "Трамптың әрекеті Палестина халқы мен халықаралық қауіпсіздік үшін қауіпті жағдай тудырады",- деді.

Халед Қадуми кейбір араб елдерін Құдсты басып алушы режиммен қарым-қатынасын кеңейткені үшін сынға алып: "Араб елдерін әлсірету озбыр сионистік режимнің өшпенділігіне себеп болады",- деді.

 

 

 

Тегтер