Жел 12, 2017 21:41 Asia/Almaty
  • Құдсқа қатысты АҚШ-тың шешімі Вашингтонның аймақтағы дәрменсіздігін көрсетеді

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Хатами: «Құдсқа қатысты АҚШ-тың шешімі бұл елдің Ирак пен Сирия аумағындағы жеңілісі мен дәрменсіздігінен кейін және Ирактың Күрдістан аймағындағы сәтсіздігі мен Ливан үкіметінің заңды премьер-министрін мәжбүрлі түрде отставкаға кетірмек болған әрекеті масқараға ұшыраған соң қабылданды» деді.

Қорғаныс министрлігінің қоғамдық байланыс бөлімінің мәліметіне сәйкес, Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қорғау министрі бригада генералы Амир Хатами бүгін сейсенбі күні Түркияның Қорғаныс министрі Нуреттин Джаниклимен телефон арқылы сұхбаттасып: «АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ елшілігін қасиетті Құдсқа көшіру шешімі жауапсыз саясат болды. Бұл сионистік режимнің басқыншылығын күшейтеді» - деді.

Иранның Қорғаныс министрі Йеменде орын алған қылмыстарға да тоқталып: «Йемен халқын рақымсыз қыру - толық масштабты  гуманитарлық апат. Халықаралық қауымдастық пен ислам мемлекеттері қаналған Йемен халқын бомбалауды тоқтатып, осы елді блокададан шығару үшін көбірек талпыныс жасауы қажет» - деді.

Нуреттин Джаникли де телефон арқылы сұхбатта басқыншы режимнің астанасы ретінде Құдсты мойындаған Трамптың шешімін үлкен қателік атап: «Бұл шешімді дүниежүзінің ешбір мұсылманы қабылдамайды» - деді.

 

Тегтер