Құдсқа қатысты Трамптың шешімі сионистік режимнің болмыссыздығының айқын дәлелі
(last modified Tue, 12 Dec 2017 15:48:40 GMT )
Жел 12, 2017 21:48 Asia/Almaty
  • Құдсқа қатысты Трамптың шешімі сионистік режимнің болмыссыздығының айқын дәлелі

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері АҚШ президентінің жалған Израиль режимінің астанасы ретінде Құдсты мойындау шешімін сионистік режимнің болмыссыздығы мен жасандылығының айқын дәлелі деп қуаттады.

Majles хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің 235 өкілі бүгін Құдсқа қолдау танытып, мәлімдеме жариялап: «Мұсылмандардың алғашқы құбыласы Бейт әл-Мұққадас күллі ислам үмбетіне тиесілі. АҚШ пен сионистік режим бұл қылмыстарға қарсы ислам үмбетінің үнсіз қалмайтынын білгені жөн. АҚШ өз шешімінің салдарына жауапты» - деп баса айтты.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері сонымен бірге бүкіл ислам мемлекетерінен мүмкіндігінше тезірек сионистік режиммен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзуді және АҚШ-пен экономикалық байланыстарын барынша төмендетуді сұрады.

 

Тегтер