Иран мен Ресей қаржылай қамсыздандыру келісімшартына қол қойды
Иран Ислам Республикасының темір жол компаниясы мен Ресейдің несиелік сақтандыру қомпаниясы Теһранда Иран темір жолдарын бірлесіп қамтамасыз ету және өндіру бойынша қаржылай қамсыздандыру және сақтандыру өтелімі келісімшартына қол қойды.
Иран Ислам Республикасының темір жол компаниясы мен Ресейдің несиелік сақтандыру қомпаниясы екі ел өндірісі саласында алдағы бес жылда құны 3 миллиард еуроны құрайтын ортақ инвестиция салуға келісті.
Келісімшарттың бірінші кезеңінде Ресейлік «United wagon compony» мен ирандық үш вагон құрастырушы компаниясы 6 мың жүк вагонды бірлесіп өндіреді. Жолаушылар вагондары, локомотив пен өзге де темір жол бөлшектері саласында да Иран мен Ресей ұқсас іс-шараларды жүзеге асырады.