Зариф: Иран, Түркия және Әзірбайжанның үшжақты қарым-қатынасы артады
Иран Сыртқы істер министрі Иран, Түркия және Әзірбайжанның жеке секторларының үш елдің ынтымақтастық потенциалдарын арттыру үшін үшжақты келіссөздер өткізетінін айтты.
Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Бакуде Иран, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің отырысында: «Үш мемлекет тарихи, мәдени және жағырапиялық байланыстарға ие. Иран, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің отырысы аймақтық ынтымақтастықты арттыру үшін аса маңызды» деп баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Иран, Түркия және Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықтың көптеген салаларына тоқталып: «Бұл отырыста түрлі тақырыпта, соның ішінде сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми танудағы АҚШ президентінің жуырдағы шешіміне қарсы тұру, экономика және мәдениет аспектілер тұрғысынан үш елдің ұлттық мүдделірін ілгерілету мақсатында ынтымақтастық жасап, транзит, энергетика және туризм саласындағы әріптестік жөнінде жақсы кеңесулер өтті.
Иран жеке сектордың қатысуымен үш ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға талпыныс жасайды» - деді.
Иран, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің үшжақты 5-ші отырысы бүгін экономикалық, саяси және аймақтық ынтымақтастық, әсіресе аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға көмек жолдарын зерттеу мақсатында Бакуде өтті.