Ғасеми: Иран халқы АҚШ басшыларының екіжүзді ұрандарына мән бермейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33459-Ғасеми_Иран_халқы_АҚШ_басшыларының_екіжүзді_ұрандарына_мән_бермейді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ басшыларының Иранның ішкі ісіне араласу сипатындағы сөздеріне реакциясында: "Иран халқы АҚШ басшыларының екіжүзді ұрандарына мән бермейді",-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 31, 2017 13:25 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран халқы АҚШ басшыларының екіжүзді ұрандарына мән бермейді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ басшыларының Иранның ішкі ісіне араласу сипатындағы сөздеріне реакциясында: "Иран халқы АҚШ басшыларының екіжүзді ұрандарына мән бермейді",-деп қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ басшыларының құнсыз сөздерін айыптап: "Иран халқы шын мәнінде Трамптың Палестина, Йемен мен Бахрейн халықтарының құқықтарын бұзуда белсенді рөл атқарғанын, АҚШ Президентінің Иран халқына қарсы жауластығы және олардың АҚШ жеріне кіруіне шектеу қойып, кедергі жасағанын, әртүрлі сылтаулармен бұл елде тұратын көптеген ирандықты қамауға алғанын ұмытқан жоқ.

Иран халқы АҚШ басшыларының Иранның кейбір қалаларында болған жиындарды қолдауын АҚШ үкіметінің айла-шарғысы мен екіжүзділігі санайды",-деп баса айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран халқының ел қауіпсіздігі мен дамуының ең үлкен тірегі екеніне тоқталып: "Иран халқының өз тағдырын анықтау үшін сайлауға қатысуы және әрбір адамның елдің әкімшілік органдарын бақылау мен сынауға белсенді түрде қатысуы – Иран мен Ислам революциясының дамуы мен өркендеуінің кепілі",-деді.