Буруджерди: Трамп Иранға қатысты бос қиялдады
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алаэддин Буруджерди АҚШ президентінің Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктерді қолдау мақсатындағы араласушылық сөздеріне реакция білдіріп: "Дональд Трамп бос қиялдады. Оның тынышсыздық пен алауыздық тудыруға бағытталған талпынысы пайдасыз",- деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше күн бұрын Twitter әлеуметтік желісіндегі бірқатар хабарламасында Иранның ішкі істеріне араласып, бүлікшілерді қолдау көрсеткен болатын.
Сол себепті Алаэддин Буруджерди: "АҚШ, Израиль режимі мен әлемдік үстемшілдіктің саясаты – Ислам әлемі мен Иранда тынышсыздық тудыру. Америка мен сионистік режим Йемен, Сирия, Ирак пен Пәкістан елдеріндегі дағдарыс пен тынышсыздықты Иранның ішіне көшіруге талпыныс жасауда.
Жуырда Иранда орын алған наразылықтар халықтың құқығы саналатын талаптарға, соның ішінде олардың банкротқа ұшыраған қаржы институттарына деген талаптарына байланысты туындады. Ал Ислам революциясының дұшпандары бұл бағытты Иранда бүлік пен бейберекеттік тудыруға бұрмалауға талпынды.
Иран халқы ешкімге өз елінің ішкі істеріне араласуға рұқсат бермейді",- деп баса айтты.