Иранның Қорғаныс министрі: Америка Иранға келтірген шығын үшін қатаң жауап алады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i33783-Иранның_Қорғаныс_министрі_Америка_Иранға_келтірген_шығын_үшін_қатаң_жауап_алады
Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қорғау министрі Хатами: «Америкалықтар Иранға шығын келтірген әр жолы қатаң жауапқа тап болған. Бұл жолы да солай болады» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 10, 2018 18:24 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі: Америка Иранға келтірген шығын үшін қатаң жауап алады

Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қорғау министрі Хатами: «Америкалықтар Иранға шығын келтірген әр жолы қатаң жауапқа тап болған. Бұл жолы да солай болады» деді.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами бүгін сәрсенбі күні Министрлер кабинеті отырысының соңында тілшілерге берген сұхбатта: «Иран тәуелсіз ел ретінде әрдайым шығынның мұндай түріне төзе алмайтынын көрсетті» деді. Иранның Қорғаныс министрі Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің кеше сейсенбі күні «Америка Иранға келтірген бірнеше күндік шығынның құнын төлейді» деген сөзіне сілтеме жасап:

«Иран күштерінің мәртебелі бас қолбасшысының сөзі америкалықтар сан рет бастан өткерген тәжірибе» деді.

Бригада генералы Амир Хатами сонымен қатар зымырандық әлеуетті Иранның қорғаныстық негіздерінің бірі деп атап: «Иран өзінің қорғаныстық әлеуеті туралы ешкіммен келіссөз өткізбейді. Иран қорғаныстық әлеуетін үздіксіз күшейтеді» деп қуаттады.

.