Иран АҚШ Өкілдер палатасының ішкі іске араласушы қарарына реакция білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Иранда болған кейбір келеңсіздіктерге қатысты ішкі іске араласушы мазмұнға ие қарарына реакция білдіріп, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының қарарын қабылдауға келмейтін тақырып деп атады.
Бахрам Ғасеми сəрсенбі күні АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының қарарын айыптап, АҚШ үкіметінің халықаралық заңдар мен ережелерге қайшы əрі қисын мен ақылға сыймайтын қатынасына тоқталып: "АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы жауластық әрекеттер жасап, сөз сөйлеп, қарар бекітуі сияқты шаралары жеңілген саясат болып табылады. АҚШ үкіметі бір жағынан өтірік ұрандатып, Иран халқын қолдаймыз деп айтады, екінші жағынан әділетсіз санкцияларды салып, Иран азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу және басқа да қастық әрекеттер жасау арқылы Иранның өркениетті халқын кінараттайды. АҚШ қайраткерлері Иран халқының АҚШ тарапынан өзіне қарсы жасалып жатқан мұндай екі жүзді саясаттар мен стандарттарды жіті бақылап отырғанын білуі тиіс. Қажет жағдайда осындай әрекеттерге тиісті жауап қайтарады",-деп қуаттады.