Зангане: Иран Оңтүстік Парс кен орнынан газ өндірісі бойынша Катардан озды
(last modified Sun, 28 Jan 2018 08:57:15 GMT )
Қаң 28, 2018 14:57 Asia/Almaty
  • Зангане: Иран Оңтүстік Парс кен орнынан газ өндірісі бойынша Катардан озды

ИИР-ның Мұнай министрі сенбі күні кешке өткен 4 жылдың ішінде Оңтүстік Парс кен орнының 11 фазасының қолданысқа берілгенін айтып, Иранның қазір осы кен орнында газ өндіру бойынша Катардан озып кеткенін мәлімдеді.

Оңтүстік Парс газ кен орны әлемдегі ең үлкен газ кеніші болып табылады. Ол Парсы шығанағында Иран мен Катардың территориялық суларында орналасқан.

ИИР Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бижан Зангане Иранның 1-ші телеарнасының «Бір көзқарас» бағдарламасына берген сұхбатында ИИР-ның Оңтүстік Парс кен орнынан күніне 553 млн текше метр газ өндіретінін мәлімдеді.

Иранның Мұнай министрі Каруның батысындағы кен орындарынан (соның ішінде  Йадаваран, Оңтүстік Азадеган, Солтүстік Азадеган, Оңтүстік және Солтүстік Йаран кеніштерінен) мұнай өндіру көлемінің артқанына тоқталып: «Иран қазіргі таңда бұл кен орындардан күніне 305 мың баррель мұнай өндіреді»,-деді.

 

Тегтер