Иран мен Қазақстанның ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастық мұрсаттары зерттелді
Иранның Ауылшаруашылық министрлігінің халықаралық істер және мамандырылған ұйымдар департаментінің Бас директоры мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары екі елдің ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтары туралы пікір алмасты.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Хоман Фатхи Теһранда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековпен кездесуінде Иранның Қазақстанға қатысты саясаттарына, соның ішінде Иранның Ауылшаруашылығы министрлігінің Қазақстанмен ауылшаруашылығы бөліміндегі ынтымақтастығына қатысты саясаты мен бағдарламаларына тоқталды.
Фатхи мал шаруашылығы бірліктерін салу, майлы дақылдарды өсіру, сұйық май өндіретін зауыт пен құс фабрикасының құрылысы, аквамәдениет қызметі, Иранға мал мен ет экспорттауды ирандық компаниялардың Шығыс Қазақстанда жұмыс жасауы үшін мүмкіндіктер деп атады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков те кездесуде өз облысының ауылшаруашылығы бөліміндегі мүмкіндіктері мен облыстың географиялық және экономикалық жағдайымен таныстырды.