Камалванди: Ресейдің техникалық мамандарының тобы Иранға келеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34463-Камалванди_Ресейдің_техникалық_мамандарының_тобы_Иранға_келеді
ИИР Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Ресейдің техникалық мамандар тобының Құм қаласындағы Форду нысанындағы тұрақты изотоп жобасына қажет жабдықтарды орнату үшін Иранға келетінін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 02, 2018 18:16 Asia/Almaty
  • Камалванди: Ресейдің техникалық мамандарының тобы Иранға келеді

ИИР Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Ресейдің техникалық мамандар тобының Құм қаласындағы Форду нысанындағы тұрақты изотоп жобасына қажет жабдықтарды орнату үшін Иранға келетінін хабарлады.

ИИР-ның Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Бехруз Камалванди Ресей мамандарының жексенбі күні Иранға келетінін хабарлап: "Құмдағы Форду нысанындағы тұрақты изотоп жобасына қажет жабдықтарды орнату жұмыстары жексенбі немесе дүйсенбі күндері басталады. Теһран мен Мәскеу шамамен бір жыл бұрын тұрақты изотоп шығару саласында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойған болатын",- деді.

Иран мен Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Америка және Германия өкілдерінен құрылған "алтылық" тобы арасындағы ядролық келісім мен 2016 жылдың қаңтар айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы іске асырылғаннан кейін Иранның ядролық саладағы халықаралық ынтымақтастықтары артты. Бұл салада Ресей ерекше рөл атқарды.

Бушерде екі атом стансасын салуы, ауыр су сатып алу мен тұрақты изотоптар шығару Иран мен Ресейдің ядролық өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтарының қатарына жатады.