АҚШ-тың екіжүзділігіне Иран халқы қырағылық танытты
ИИР Президенті Иран халқын қолдап, өтірік көз жастарын төгетін АҚШ басшыларына: «Иран халқы сендердің аймаққа қарсы жасаған шабуылдарыңды ұмытқан жоқ. Сендер Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасадыңдар, ДАИШ-ке көмектесесіңдер. Сендер аймақта қауіпсіздіктің орнатылғанын қаламайсыңдар»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Ислам революциясының жеңісінің жылдығына қатысты «Фаджр» онкүндігінің бірінші күні Керманның Сирджан қаласында «Вашингтонда ешкім Иранның ұлы халқы үшін шешім қабылдау туралы ойламасын. Иран халқы тарих бойындағы сендердің қылмыстарыңды көрді. Сендер құрған САВАК пен оның зорлық-зомбылықтарын ұмытқан жоқ. Иран халқы Ислам революциясының жеңісінен кейін әрқашан жанкештілікпен ілгеріледі. Иран үшін қиындық туған кезде халық саяси сахнаға шығып, оларды шешті»,- деді.
Иран Президенті АҚШ басшыларының Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттеріне тоқталып, олардың аяқ астынан «Иран халқының қолдаушысына» айналып, бұл елдің бірнеше қаласында орын алған тәртіпсздіктерін қолдап, өткен 2017 жылдың қыркүйек айында Иран халқын «лаңкес» деп атағандығына назар аудартты. Ислам революциясының 40 жылдық тарихында АҚШ басшыларының Иран халқына қарсы екіжүзділігі мен дұшпандылығы сан рет байқалды. Тіпті Ислам революциясының жеңісінен бұрын да америкалық төңкерісті ұйымдастырушылардың Иранның сол кездегі заңды үкіметіне (Мұсаддықтың үкіметіне) қарсы әрекеттері олардың Иран халқына қатысты сырт көзге достық болып көрінетін әрекеттерін әшкереледі.
Ислам революциясының жеңісінен кейін мұндай әрекеттер артып, АҚШ-тың әртүрлі үкіметтері, мейлі демократтары, мейлі республикашылары болсын, «Иранда адам құқығы бұзылуда» және «Иран аймақтағы лаңкестікті қолдайды» деп уәж айтып, Иранға қарсы санкциялар салды. Адам құқығы туралы уәж айтатын америкалықтар Иран халқына қарсы тұрып, дәрі-дәрмек енгізуге тыйым салды. Ислам революциясы тарихын зерттеу кезінде АҚШ-тың Иранның халқы мен жүйесіне қарсы дұшпандылығы анық көрінді. Сондықтан, америкалықтардың Иранмен достық орнату туралы ұрандары дақпырт болып шықты. Парсы шығанағы суларының үстінде ИИР-ның жолаушы тасымалдайтын ұшағын нысанаға алып атуы салдарынан барлық жолаушыларының қаза болуы – АҚШ-тың Иран халқына қарсы тікелей дұшпандығының келесі мысалы. Сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Парсы шығанағын өзгеше атауы да оның Иран халқының тарихына дұшпандық білдіруінің белгісі.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тақырыбында да америкалықтардың дұшпандығы шегіне жетті. АҚШ өкілінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойғанына қарамастан, әртүрлі санкциялар салуы Иран халқы мен әлемдіктерге америкалықтарға сенім артуға болмайтынын тағы дәлелдеді. Бұл әрекеттердің барлығы АҚШ-тың қазіргі таңда да барлық салаларда АҚШ-қа бағынбай, тәуелсіз әрекет ететін Иран Ислам республикасы жүйесінің негізіне қарсы екендігін білдірелі.
Осыған орай Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти: «Біреулері ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қаламыз, бірақ зымырандарың шектелуі керек, басқалары «сендер (Иран) аймақтың істеріне араласпаңдар» дейді. Не себепті? Бұл күш көрсету емес пе? Бұл зорлық-зомбылықты патшалық режим кезінде көрсете алдыңдар, енді көрсете алмайсыңдар»,- деді.
.