Арақчи: АҚШ ядролық келісімнің басынан өз міндетін бұзу үшін негіз қалады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34475-Арақчи_АҚШ_ядролық_келісімнің_басынан_өз_міндетін_бұзу_үшін_негіз_қалады
Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары: "АҚШ үкіметі әуел бастан ядролық келісіммен дұшпандықтың негізін қалады. Азиядағы саяси партиялар АҚШ президентінің "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға бағытталған талпыныстарына көңіл аударуы керек",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 03, 2018 11:30 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ ядролық келісімнің басынан өз міндетін бұзу үшін негіз қалады

Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары: "АҚШ үкіметі әуел бастан ядролық келісіммен дұшпандықтың негізін қалады. Азиядағы саяси партиялар АҚШ президентінің "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға бағытталған талпыныстарына көңіл аударуы керек",- деді.

Аббас Арақчи жұма күні Теһранда өткен Азиялық партиялардың халықаралық конференциясының тұрақты комитетінің 29-шы отырысы мен "Жібек жолы" атты екінші конференцияда сөйлеген сөзінде: "АҚШ Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы негізіндегі міндеттемелерін орындауына қарамастан, оның бірқатар бөлімін бұзды.

АҚШ үкіметі өз мәлімдемесінде еуропалықтардан ядролық келісімді жоюда қолдау көрсетуді сұрады. Азиялық партиялар мен Теһран отырысына қатысушылар осы маңызды мәселеге назар аударуы керек.

Иран үкіметі сенімділік тудыру мақсатында жалған ядролық дағдарысты шешу үшін келіссөздерге келісіп, "ұтыс-ұтыс" келісіміне қатысты сенімсіздік жайттарын азайту бағытында қадам басты.

Қуатты аймақ құруға талпыныс жасап, Батыс Азия аймағында жалпы мүддені қамтамасыз ету қағидасын қабылдап, "ұтыс-ұтыс" қағидасын қамтамасыз ету Иран діттеген саясаты болды. Осы саясатқа сәйкес, аймақтағы әрбір елдің мүддесін қамтамасыз ету барлық аймақ елдерінің мүддесін қамтамасыз етумен байланысты",- деп қуаттады.