Теһран жұма намазының құтпалары
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34691-Теһран_жұма_намазының_құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына соққы беру үшін жасап жатқан қастандық әрекеттеріне сілтеме жасап: "Өткен жылдары АҚШ пен оның одақтастары Ираннан бірнеше рет шапалақ жеді",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 10, 2018 11:56 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына соққы беру үшін жасап жатқан қастандық әрекеттеріне сілтеме жасап: "Өткен жылдары АҚШ пен оның одақтастары Ираннан бірнеше рет шапалақ жеді",- деді.

Осы аптадағы Теһран жұма намазының имамы ходжат ул-ислам уал-муслемин Казем Седдиқи: "АҚШ, Сауд Арабиясы мен олардың одақтастары ДАИШ лаңкестік тобын құру арқылы Ирактың Күрдістан аймағын бөлу, Ливан мәселесі, қарсыласу майданын әлсірету және Иракты басып алу жайлы мәселелерден Иранды шеттете аламыз  деп ойлады. Алайда ислам революциясы жетекшісінің қырағылығының арқасында Иран оларға қатты шапалақ жегізді",- деді.

Ходжат ул-ислам уал-муслемин Седдиқи сондай-ақ халықты "Фаджр" онкүндігімен құттықтап, ислам революциясының жеңіске жетуін мұғжиза деп атап: "Иранның ядролық, медициналық, зымырандық, нанотехнология салалары бойынша дамуы мен көптеген салалардағы өз-өзіне жеткіліктілігі ислам революциясы жеңісінің жетістіктері саналады. Ислам революциясының жеңісінің арқасында Иран халқы тәуелсіздік пен ғиззатқа қол жеткізіп, зоракерлер тарапынан тоналмайтын болды",- деді.