Америкалықтар Иран халқының жанашыры емес
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34753-Америкалықтар_Иран_халқының_жанашыры_емес
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы америкалықтардың алдау-арбауларымен еш уақытта Иран халқының жанашыры бола алмайтынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 13, 2018 11:22 Asia/Almaty
  • Америкалықтар Иран халқының жанашыры емес

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы америкалықтардың алдау-арбауларымен еш уақытта Иран халқының жанашыры бола алмайтынын қуаттады.

Әли Лариджани дүйсенбі күні Иран Мәжілісінің ашық отырысында Иран халқының 22 бахман шеруіне жаппай қатысуына алғыс айтып: "Иран халқының 22 бахман шеруіне жаппай қатысуы америкалытар үшін "олардың еш уақытта Иран халқының ішкі істеріне араласа алмайтындығын білгені жөн" деген жолдауды жеткізді. Халықтың жаппай бейбіт шерулерге қатысуы Иран халқының қырағылығымен барлық маңызды сахналарға қатысатынын тағы дәлелдеді»",- деді.

Иранның Жоғары соты да миллиондаған халықтың биылғы 22 бахман шеруіне қатысуын Иранның ұлттық күш-қуатының артуына, дұшпандардың қастықтарының залалсыздануына себеп болады деп бағалады.

Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында Иран халқының Ислам революциясы жеңісінің жылдығы – 22-ші бахман шеруіне қатысуын таңғалдырарлық жайт деп атап: "Халықтың жаппай қатысуы әлемдіктерді таңғалдырып, дұшпанның жұмсаған миллиондаған долларын зая кетірді",- деді.

Амоли Лариджани сондай-ақ, АҚШ үкіметінің Иранға қарсы жасаған жуырдағы әрекеттеріне тоқталып: "Йемен қоршауға алынып, тіпті дәрі-дәрмек жеткізуге тыйым салынған жағдайға қарамастан АҚШ күлкілі уәждерін қайталап, Иранды Йеменге зымыран жіберді деп айыптауда",- деді.