Иран СІМ аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату үшін талпыныстар жасауды жалғастыру қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, халықаралық Валдай форумына қатысу үшін Ресейге сапармен келген Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні таңертең Мәскеу әуежайына келер алдында бұл конференцияны Иранның аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату қажеттігі жайлы көзқарастарын білдіру үшін жақсы мүмкіндік деп атап: "АҚШ-тың Сирияда орналасуы өте қауіпті кезеңге жетті",- деп баса айтты.
Зариф америкалықтардың бұл елдің бөліктерін басып алуды көздеп отырғанына сілтеме жасап: "АҚШ Сирияның кейбір азшылықтарын өз әскерінің құрлық күштері ретінде пайдаланып отыр.
Иран мен Ресейдің пікірінше, аймаққа төніп тұрған стратегиялық қауіп АҚШ-тың аймақта орналасуы мен Вашингтонның көздеген саясаттары болып табылады",- деді.
Жыл сайын өткізілетін Валдай клубының биылғы отырысы "Таяу Шығыстағы Ресей: барлық алаңдарда атқарып отырған рөлі" деген тақырыпта дүйсенбі күні өз жұмысын бастады