Ақп 21, 2018 23:07 Asia/Almaty
  • Велаяти: Аймақ мәселелерінің шешім жолы әскери емес, саяси

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти: "Барлық елдер аймақ мәселелері шешім жолының әскери емес, саяси екенін және аймақ халықтары бөгделердің араласуынсыз өздеріне кепіл болуы тиіс деген қорытынды жасады",- деп баса айтты.

Әли Акбар Велаяти сәрсенбі күні Испания Сыртқы істер министрі Альфонсо Дастиспен Теһранда кездесуінде: "Аймақтың сезімталдығынан хабардар адамдар мына жайтқа назар аударғаны жөн: нұқсан келтіруден бұрын аймақтағы орынсыз орналасуынан өздері зиян шегеді.

Батыс Азия аймағындағы тынышсыздықтар бүкіл әлемге, соның ішінле Еуропа мен басқа да елдерге әсер етті. Сондықтан, Иран дағдарыстарды бейбіт жолмен шешіп, халықаралық заңдарға сәйкес аймақта тыныштық орнатуға көмек көрсетуге әзір",- деді.

Испания СІМ Альфонсо Дастис Иранға достық жолдауы және сұхбаттасу мақсатында аймақ пен әлемде тұрақтылық орнатуға бағытталған келіссөздер жүргізуге көмектесу үшін келгенін мәлімдеді.

Ол сондай-ақ, Иран мен Испания арасындағы екіжақты қатынастардың одан әрі кеңейе түсуіне үміт білдірді.

 

 

Тегтер