Испанияның барлық Еуропа  елдеріне жолдауы: Тәуелсіз Палестина  мемлекетін мойындаңдар 
(last modified Fri, 14 Jun 2024 13:11:26 GMT )
Маусым 14, 2024 19:11 Asia/Almaty
  • Испанияның барлық Еуропа  елдеріне жолдауы: Тәуелсіз Палестина  мемлекетін мойындаңдар 

Испания премьер-министрі Еуропаның барлық елдерін тәуелсіз Палестина мемлекетін тануға шақырды.

 

 

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Испания премьер-министрі Педро Санчес Мадридте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен бірлескен баспасөз мәслихатында Еуропа елдерінің тәуелсіз Палестина мемлекетін тану қажеттігін баса айтып, Испанияның Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған талпыныстарын хабарлады.

Осы баспасөз мәслихатында Ердоған Испанияның тәуелсіз Палестина мемлекетін мойындау шешімін маңызды деп бағалады.

Испания мамыр айының соңында Норвегия және Ирландиямен келісе отырып, Палестина тәуелсіз мемлекетін мойындады. Бұл шешім сионистердің ашуын тудырды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанында Газаға жасаған жаңа шабуылдары басталғаннан бері 37 мыңнан астам палестиналық  шәһид болып, 85 мыңнан астамы жарақат алды.