Нау 02, 2018 21:15 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі: Құдста жамағат намазы оқылатын күн де келіп жетеді

Ислам революциясының жетекшісі Сирияның бір топ үлемін қабылдауында исламдық ортақтастықтарға табандылық таныту қажеттігін қуаттап: "Біздің барлығымыз сіздердің Құдста жамағат намазын оқитын күнді көретіндігімізге үміттенемін. Ол күн де көп ұзамай келеді",- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Сирияның Вакуф істері жөніндегі министрі Абдусаттар әс-Сейіт және Сирияның бір топ үлемімен кездесуінде: "Бірнеше жыл бұрын сионистік режим алдағы жиырма бес жылдың ішінде Иранды "сөйтеміз, бүйтеміз" дегенде оларға: "Сендер алдағы 25 жылда не боларын мүлдем білмейсіңдер", деп жауап берген едім",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Сирия президенті Башар Асадты мадақтап: "Бүгінде Сирия алдыңғы шепте орналасқан. Сондықтан, біздің міндетіміз – Сирияның табандылығына қолдау көрсету. Асад ірі күрескер бейнесінде көрініп, ешбір күмәнсіз әрі тұрақты түрде табандылық көрсетті. Бұл халық үшін өте маңызды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі кейбір халықтарды қорлап, кемсітуді олардың жетекшілерін қорлаудан туындағанын айтып: "Дұшпан жетекшілері ислам мен өзінің жеке-даралығын мақтан тұтатын ұлы халыққа қарсы ешнәрсе жасай алмайды.

АҚШ, Кеңес одағы, НАТО секілді әлемдік алпауыттар мен аймақтық кертартпашылардың барлығы бірінші күннен бастап ислам республикасының көзін жою үшін біріккен болатын. Бірақ, Иранның ислам революциясы мәңгілікке қалып, жетіліп, қырық жыл қарсаңында тұр.

Иран халқының революциясының сақталуы АҚШ, Еуропа мен әлемнің ядролық алпауыттарының қалағаны жүзеге аспайтынын көрсетті. Егер біз және қарсыласу майданының құрамдас бөліктерімен барлығымыз аймақта табандылық танытсақ, дұшпанның қолынан түк келмейді",- деді.

Сонымен қатар, революция жетекшісі мұсылман үмбетінің саудиялықтардың әрекеттері секілді үстемшіл саясаттардан туындайтын арандатушы әрекеттеріне қарсы міндетін кесімді әрі қатаң күрес деп атап: "Біз Лондон қолдайтын шиіттік ағым мен АҚШ пен Израиль қолдайтын сүниттік ағымды мойындамаймыз. Себебі, ислам діні күпірлік, зұлымдық пен үстемшілдікке қарсы",- деді.

 

 

Тегтер