Джахангири: Қарсыласу экономикасы – Батыстың санкцияларына қарсы тұратын экономика
Иранның Вице-президенті елдің экономикасына әсер еткен ең маңызды факторлардың бірінің үстемшіл Батыс елдерінің негізсіз сылтаулармен Иранға қарсы салған санкциялары болғанын қуаттады.
Исхақ Джахангири қарсыласу экономикасын іске асыруды Иран үкіметінің жұмыс кестесіндегі мәселелердің бірі деп атап: "Қарсыласу экономикасын іске асырудың мақсаты – Иранның экономикасын қарсыласу кезеңінен сыртқы факторлардан зиян тигізбей, алға ілгерілейтін жағдайға жеткізу",- деді.
Иранның Вице-президенті негізсіз уәждерге сүйеніп, Батыстың Иранға қарсы санкция салғанына тоқталып: "Қарсыласу экономикасын іске асырып, елдің экономикасын Батыстың қайтадан санкция салуынан сақтап, өтуіміз керек. Ирандық басшылар қисын және келіссөздер арқылы Батыс пен АҚШ-қа өз ойлағандарын іске асыруға рұқсат етпеуге талпынуда. Иран АҚШ-қа қарсы халықаралық кеңістік қалыптастырып, қоғамдық пікірді санкцияларға қарсы пайдалануды көздеуде",- деді.
Қарсыласу экономикасы – шетелге тәуелді болмай, елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы экономикалық санкцияларға қарсы тұратын стратегия.