Зангане: Дұшпандардың діттегені – Иранның мұнай өнеркәсібі
(last modified Mon, 19 Mar 2018 08:34:09 GMT )
Нау 19, 2018 14:34 Asia/Almaty
  • Зангане: Дұшпандардың діттегені – Иранның мұнай өнеркәсібі

Иранның Мұнай министрі АҚШ пен кейбір аймақ елдерінің ИИР-мен дұшпандықтарының негізгі өзегінің Иранның мұнай өнеркәсібі екенін айтып: "Осы салада дұшпандардың бізге соққы бере алмауы үшін қырағы болуымыз керек",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бижан Намдар Зангане жексенбі күні кешке бірқатар мұнай кеніштерін пайдалану және дамыту туралы келісімге қол қою рәсімі аясында АҚШ пен кейбір аймақ елдерінің Иранға қарсы қастықтарының өзегін Иранның мұнай мен газға толы ресурстары мен мұнай өнеркәсібінің дамуы деп атап: "Дұшпандар біздің ішкі әлеуеттерге иек артып, энергетика саласында осындай дәрежедегі ілгерілеушілікке қол жеткізетінімізді күтпеді",- деді.

Иранның Мұнай министрі өткен екі жылдың ішінде Оңтүстік Парс алаңының 6 фазасын дамытып, Катармен ортақ газ алаңынан алынатын газ мөлшерінің күніне 150 миллион текше метрге дейін артқанына сілтеме жасап: "Иранның даму жолындағы осындай жетістіктері дұшпандардың ашу-ызасын тудырды",- деді.

Иранның Мұнай министрі Түркіменстанмен газ сатып алу туралы келіссөздердің жаңа кезеңінің басталғаны жайлы баяндап: "Бүгін келіссөз өткізу үшін Түркіменстанға сапар шегеміз.

Түркіменстанмен қатынастарды кеңейту мақсатында, әсіресе бұл елдің басшыларымен энергетика саласында шынайы келіссөз жүргізуге дайынбыз",- деді.

 

 

Тегтер