Нау 23, 2018 21:38 Asia/Almaty
  • Иран Ашхабадтан Түркіменстан шекарашыларының ирандық балықшыларға оқ атқан әрекетті түсіндіруді талап етті

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Иранның Түркіменстан шекарашыларының ирандық балықшыларға оқ атқан әрекеттеріне ресми түрде наразылық білдіріп, бұл оқиғаны түсіндіруді талап еткенін хабарлады.

Сейсенбі күні кешке балық аулау үшін Каспий теңізіне шыққан Иранның солтүстігіндегі Бендер Түркімен айлағының төрт балықшысы Иран-Түркіменстан су шекарасына кірген кезде оларға Түркіменстан шекарашылары оқ атып, салдарынан ирандық екі балықшы қаза болып, екеуі тұтқынға алынды.

Бахрам Ғасеми оқиға орын алысымен Иран Сыртқы істер министрлігі мен Иранның Ашхабадтағы елшілігінің Түркіменстан басшыларымен байланысып, ресми нота жіберіп, Түркіменстан үкіметінен бұл оқиғаны түсіндіруді талап еткенін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Түркіменстан шекарашыларының әрекеттерін сынап: "Тіпті ирандық балықшылар Түркіменстанның суларына жақындаған жағдайда да халықаралық ережелерге сәйкес олар балықшыларды өздеріне тиесілі сулардан шығарып жіберуі тиіс болған",- деп баса айтты.

 

 

 

 

Тегтер