АҚШ пен сионистік режим және олардың демеушілері қарсыласу майданының жеңістерінен сескеніп отыр
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти сионист әскерилердің палестиналықтардың қанын төгудегі қатыгез қылмысын АҚШ пен сионистік режим және олардың демеушілерінің Палестина халқы мен қарсыласу майданының жеңістерінен сескенуінің белгісі деп атап:
"Рақымсыз сионистік режимнің өз жерлеріне оралу құқығына байланысты шеруге шыққан палестиналықтарды өлтірген жуырдағы қылмысы әлемдіктерге олардың жабайы әрі қылмыскерлік болмысын көрсетті. Халықаралық қауымдастық пен адам құқығын қорғаушылардың үнсіздік танытуы салдарынан осы режим мазлұм халықтың қанын аяусыз төкті. Жұма күні 10 000 палестиналық Газа секторының шекарасында өз жерлеріне оралу құқығына байланысты шеруге қатысып, басып алынған жерлерге жетті. Сионист әскерилердің осы шерушілерге жасаған шабуылы салдарынан 17 палестиналық шәһид болды.