Иран Мәжілісінің өкілдері: АҚШ Сирияда сәтсіздікке ұшырайды
(last modified Mon, 16 Apr 2018 03:19:55 GMT )
Сәу 16, 2018 09:19 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің өкілдері: АҚШ Сирияда сәтсіздікке ұшырайды

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері АҚШ пен одақтастарының Сирияға жасаған шабуылын айыптап: «АҚШ өткен жеті жылдағындай Сирияда сәтсіздікке ұшырайды»,- деп қуаттады.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері мәлімдеме жариялап: «Әлемдік зұлымдықтың өзегі – АҚШ Ұлыбритания мен Франция сынды одақтастарымен Исламның ұлық пайғамбарының ресалаты басталған – «Мабас» күні Сирияға шабуыл жасап, ислам үмбетіне деген дұшпандығын көрсетті. Америкалықтар өткен жеті жылдағы гибридтік соғыстарында Сирияға шекаралас мемлекеттердің әскери базаларында жаттығудан өткен ондаған мың лаңкес пен аймақтық және еуропалық одақтастарының мүмкіндіктерін пайдаланып, Сирияның халық сайлаған саяси билігін өзгерте алмады. Америкалықтар Сирия дағдарысы саяси жолмен шешіліп, бұл елдің халқының жеңісі қарсаңында Ұлыбритания мен Францияның көмегімен Сирияға зымырандық шабуыл жасады. Өкінішке орай, кейбір исламдық және араб үкіметтері де АҚШ-тың қылмыстарын қолдап, ислам үмбетінің арасында жиіркеніш тудырды»,- деп қуаттады.

АҚШ, Ұлыбритания және Франция сенбі күні  таңсәріде «Дамасктің Дума аймағында химиялық шабуыл орын алды» деп сылтауратып, Сирия үкіметін айыптап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз бұл елге шабуыл жасады.

 

 

 

 

Тегтер