Генерал-майор Бағери: Иран АҚШ пен оның одақтастарының алдында бас имейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36418-Генерал_майор_Бағери_Иран_АҚШ_пен_оның_одақтастарының_алдында_бас_имейді
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "ИИР ешқашан АҚШ пен оның одақтастарының алдында бас имейді. Иран өз қуатына иек артып, көршілеріне бауырластықпен қол ұшын беріп отыр",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 23, 2018 09:56 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Иран АҚШ пен оның одақтастарының алдында бас имейді

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "ИИР ешқашан АҚШ пен оның одақтастарының алдында бас имейді. Иран өз қуатына иек артып, көршілеріне бауырластықпен қол ұшын беріп отыр",- деді.

Генерал-майор Мұхаммад Бағери дүйсенбі күні Теһранда өткен Үнді мұхиты маңындағы елдердің теңіз күштері қолбасшыларының алтыншы отырысының (IONS) ашылу салтанатында  әлемдегі екі полюсті дәстүрлі жүйенің құлдырап, Батыс пен Шығыста жаңа қуатты мемлекеттердің пайда болғанын баса айтып: "АҚШ пен кейбір алпауыт елдер өздерінің әскери күштерін түрлі аймақтарға жіберу арқылы және күш қолдану жайлы сөздерімен әлемде бейберекеттікті кеңейтуде",- деді.

Генерал-майор Бағери АҚШ-тың ДАИШ-қа қолдау көрсету арқылы Батыс Азия аймағының басым бөлігінде дағдарыс тудырып, көптеген ададмардың босқынға айналып, қаза болуына негіз жасағанын баяндап: "АҚШ пен одақтастарының сәуірдің он төрті күні Сирияға қарсы жасаған әуе шабуылы заңсыз әрекеттің айқын мысалы.

Сионистік режим көршілес елдерге қоқан-лоққы жасау мақсатында өзінің ядролық қару қоймасын күннен-күнге кеңейтіп, ешқандай халықаралық рұқсатсыз көршілес елдерге басқыншылық жасап жатқан жағдайда АҚШ таңдамалы әрі екіұшты әрекеті арқылы басқа мемлекеттердің заңды және кең тараған қорғаныстық құрал-жабдықтар сатып алуын немесе шығаруые қылмыс деп санайды",- деді.