Бүгін – Американың Иранға қарсы әскери шабуылы Табас даласында сәтсіздікке ұшыраған күн
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36470-Бүгін_Американың_Иранға_қарсы_әскери_шабуылы_Табас_даласында_сәтсіздікке_ұшыраған_күн
Бүгін сәуірдің 25, сәйкесінше ордибехешт айының 5 – Иранның шығысындағы Табас даласындағы АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы сәтсіздікке ұшыраған күннің жылдығы.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 25, 2018 10:14 Asia/Almaty
  • Бүгін – Американың Иранға қарсы әскери шабуылы Табас даласында сәтсіздікке ұшыраған күн

Бүгін сәуірдің 25, сәйкесінше ордибехешт айының 5 – Иранның шығысындағы Табас даласындағы АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы сәтсіздікке ұшыраған күннің жылдығы.

Осыдан 38 жыл бұрын 1980-шы жылдың сәуір айының жиырма бесі күні АҚШ бірнеше ұшағы және тікұшағымен Иранды нысанаға алып, әскери шабуыл жасады. Әртүрлі жолдармен Иранның Ислам республикасы жүйесін сәтсіздікке ұшырата алмаған АҚШ үкіметі 1979-шы жылдың 4-ші қарашасында АҚШ-тың "тыңшылық ұясын" басып алу ағымында қамауға алынған тыңшыларын босату үшін Иранға шабуыл жасады. Алдын ала жоспарланған бағадрламалар мен заманауи қаруларды пайдалану және америкалықтардың Табас даласына ұқсас мекендерде өткізген көптеген жаттығуларынан кейін Табасқа жасалған әскери шабуыл Табас қаласының айналасындағы даладағы құмды дауылға байланысты сәтсіздікке ұшырады. Америкалық ұшақтар мен тікұшақтардың кейбіреуі өртеніп, бірнеше америкалық әскери өліп, қалғандары масқарашылықпен Ираннан қашты.

Табас оқиғасы АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық мақсаттарының келесі бір құжаты ретінде Ислам революциясынан кейінгі оқиғалар тарихында тіркелді.