Сәу 26, 2018 14:35 Asia/Almaty
  • Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңінің соңында ислам үмбетінің бірлігін сақтау қажеттігі қуатталды

Иранда Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңінің соңында жасалған мәлімдемеде Құранның бірлік тудыратын байланыстарына иек арту қажеттігі қуатталды.

Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңінің қорытынды мәлімдемесінде дүниежүзілік үстемдік пен халықаралық сионизмнің ислам үмбеті арасында қайшылық  тудыру жолындағы талпыныстарына тоқталып: «Құран Кәрімге иек артып, оның тағылымдарын пайдалану – ислам үмбетін құтқарудың жалғыз жолы.

Ислам үмбетінің Құран саласындағы таңдаулыларының дос пен дұшпанға жолдауы Ислам үмбетінің бірлігі мен біртұтастығы, осы үмбеттің қазіргі қысылтаяң кезеңнен абыроймен өтетіні және тарихи көтеріліс жасайтыны болды»,-деп қуатталды.

Халықаралық Құран сайысының 35-ші кезеңі әлемнің 84 елі өкілдерінің қатысуымен  сәуірдің 20 күні Теһранда басталды. Сайыстың жабылу рәсімі сәрсенбі күні кешке Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанидің қатысуымен өтті. 

 

Тегтер