Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатері жайлы ескертті
Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатеріне көңіл аудару қажеттігін айтып: «АҚШ-та 6 вирус пен микробтың стратегиялық қоры бар. Бұл ел соларды теріс пайдалану арқылы басқа елдерге қарсы микробтық соғыс бастай алады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Ветеринария ұйымының басшысы Әлиреза Рафиипур сенбі күні Теһранда Дүниежүзілік ветеринария күнін атап өту рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Биотерроризм жаңа тақырып емес, алайда адам мен адамзат қоғамына қатер төндіретіндіктен ол пайда болғанға дейін тиісті шараларды атқару үшін оған қатты көңіл бөлу керек»,-деді.
Рафиипур ірі қара мал вакцинасының 95 пайызы мен құс вакцинасының 65 пайызының ел ішінде өндірілетінін айтып: «Ирандық мамандар мал мен құста жаңа ауру пайда болған сәтте оның вакцинасын Еуропадан жылдамырақ нарыққа шығара алады»,-деді.