Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатері жайлы ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36566-Иранның_Ветеринария_ұйымының_басшысы_малға_қатысты_биотерроризм_қатері_жайлы_ескертті
Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатеріне көңіл аудару қажеттігін айтып: «АҚШ-та 6 вирус пен микробтың стратегиялық қоры бар. Бұл ел соларды теріс пайдалану арқылы басқа елдерге қарсы микробтық соғыс бастай алады»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 29, 2018 09:40 Asia/Almaty
  • Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатері жайлы ескертті

Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатеріне көңіл аудару қажеттігін айтып: «АҚШ-та 6 вирус пен микробтың стратегиялық қоры бар. Бұл ел соларды теріс пайдалану арқылы басқа елдерге қарсы микробтық соғыс бастай алады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Ветеринария ұйымының басшысы Әлиреза Рафиипур сенбі күні Теһранда Дүниежүзілік ветеринария күнін атап өту рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Биотерроризм жаңа тақырып емес, алайда адам мен адамзат қоғамына қатер төндіретіндіктен ол пайда болғанға дейін тиісті шараларды атқару үшін оған қатты көңіл бөлу керек»,-деді.

Рафиипур ірі қара мал вакцинасының 95 пайызы мен құс вакцинасының 65 пайызының ел ішінде өндірілетінін айтып: «Ирандық мамандар мал мен құста жаңа ауру пайда болған сәтте оның вакцинасын Еуропадан жылдамырақ нарыққа шығара алады»,-деді.