Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Америкалықтардың аяқтары аймақтан тыйылады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36612-Ислам_революциясының_мәртебелі_жетекшісі_Америкалықтардың_аяқтары_аймақтан_тыйылады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Азияның батыс аймағынан шығуы тиіс Иран Ислам республикасы емес, Америка. Бірнеше жыл бұрын айтқынымдай, «ұр да жық» кезең аяқталды» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 30, 2018 18:32 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Америкалықтардың аяқтары аймақтан тыйылады

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Азияның батыс аймағынан шығуы тиіс Иран Ислам республикасы емес, Америка. Бірнеше жыл бұрын айтқынымдай, «ұр да жық» кезең аяқталды» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін Жұмыс пен Жұмысшы күні қарсаңында мыңдаған жұмысшы мен мердігерлермен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Парсы шығанағы мен Азияның батысы – біздің үйіміз. Бірақ, бөгделер лас мақсаттар мен бүлік қалыптастыруды көздейді» деп қуаттады .

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Американың Азияның батысында орналасуынан туындап отырған бейберекеттіктер мен соғыс пен қақтығыстарға сілтеме жасап: «Сол себепті америкалықтардың аймақта аяқтары тыйылып, Азияның батыс аймағынан кетуі керек» деді.

Хазірет Американың ИИР-ның азаттық қалаушы тәуелсіз жүйесімен күресудегі тәсілдерінің бірін аймақтың кейбір ақылдары саяз  үкіметтерін арандатып, аймақтың ішінде алауыздық пен қақтығыс қалыптастыру деп атап: «Америкалықтар саудиялықтар мен аймақтың кейбір елдерін арандату арқылы оларды ИИР-на қарсы қоюға талпыныс жасауда. Бірақ, егер олар ақылдары болса, Америкаға алданбауы керек.

Америкалықтар ИИР мен Иранның айбынды халқымен қарсыласудың құнын өздері төлегісі келмейтіндіктен оны аймақтың кейбір елдерінің иықтарына асып қоймақ. Егер олар ИИР-мен бетпе-бет келетін болса, міндетті түрде соққы жеп, жеңіліс табады» деді.