Лариджани: Ливанның парламенттік сайлауы АҚШ пен сионизмге жол жоқ екенін қуаттады
(last modified Tue, 08 May 2018 11:20:24 GMT )
Maм 08, 2018 17:20 Asia/Almaty
  • Лариджани: Ливанның парламенттік сайлауы АҚШ пен сионизмге жол жоқ екенін қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ливанның парламенттік сайлауында қарсыласу ағымының жеңіске жетуімен құттықтап, бұл сайлауларды Ливан халқының АҚШ пен сионизмге жол жоқ екенін қуаттағаны ретінде бағалады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Мәжілістің ашық отырысында Ливанның парламенттік сайлауының өтуіне тоқталып: "АҚШ, сионистер мен олардың аймақтағы одақтастарының Ливанның сайлауын бұзу үшін көптеген қаржы жұмсағанына қарамастан, бұл елдің дана халқы дауыс беріп, АҚШ пен сионистерге бұл елге оларға жолдың жоқ екенін қуаттады. АҚШ Президенті Дональд Трамп аймақ халықтарына қарсы әскери және саяси қысымдарға езілген халықтың жауап беріп, оларға қарсы тұратынын түсінгені жөн",- деді.   

 

 

Тегтер