Зариф: АҚШ өзінің қатерлі әрекетінің салдарларына жауапты болуы керек
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36972-Зариф_АҚШ_өзінің_қатерлі_әрекетінің_салдарларына_жауапты_болуы_керек
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды. Сондықтан өзінің қатерлі әрекетінің салдарларына жауапты болуы керек",- деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 15, 2018 09:23 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ өзінің қатерлі әрекетінің салдарларына жауапты болуы керек

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды. Сондықтан өзінің қатерлі әрекетінің салдарларына жауапты болуы керек",- деп жазды.

2015 жылдың шілде айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарының бекітілуімен ядролық тақырыпқа қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға санкция салуды қарастырған алты қарарының күші жойылды.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Мұхаммад Джавад Зарифтың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттерешке жазған хатында: "АҚШ-тың әрекеттері – халықаралық құқық пен БҰҰ-ның Жарғысына немқұрайдылық таныту. АҚШ басынан бастап "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  келісімінің баптарын бұзды, тіпті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелерін де міндеттемелерін толық орындаудан бас тартқызуға талпыныс жасады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – жан-жақты келісім. Чондықтан оны өзгерту немесе ол туралы қайтадан келіссөз жүргізу мүмкін емес",- деп баса айтылды.