Зариф: Саудиялықтардың АҚШ пен сионистік режиммен ынтымақтастығы – масқаралық
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37038-Зариф_Саудиялықтардың_АҚШ_пен_сионистік_режиммен_ынтымақтастығы_масқаралық
ИИР Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ-тың санкцияларын қолдауды саудиялықтардың сионистік режимнің қылмыстарына қатысты берген масқара жауабы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 17, 2018 16:58 Asia/Almaty
  • Зариф: Саудиялықтардың АҚШ пен сионистік режиммен ынтымақтастығы – масқаралық

ИИР Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ-тың санкцияларын қолдауды саудиялықтардың сионистік режимнің қылмыстарына қатысты берген масқара жауабы деп атады.

АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла, бас хатшысының орынбасары шейх Наим Ғасем, бас хатшысының саяси істер жөніндегі кеңесшісі Хосейн әл-Халил, Саяси істер жөніндегі кеңестің төрағасы Ибраһим Амин әл-Сейіт пен Сот кеңесінің төрағасы Мұхаммад Язбекке әлемдік лаңкестікпен байланысы бар деген айып тағып, оларды санкция жарияланған тізімге қосты. Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі де Сауд Арабиясының қысымымен АҚШ-ты қолдап, Ливан Хезболласына қарсы санкция жариялады.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф израильдік мергендердің бір күннің ішінде мыңдаған қаруланбаған палестиналық шерушіге оқ жаудырғанын айтып: "Саудиялықтар Рамазан айының қарсаңында АҚШ-пен ынтымақтастықтарын білдіріп, араб жерлерін азат ету арқылы Израильдің жеңіліс таппайтыны туралы дақпыртты сейілткен күшке қарсы санкция жариялады. Бұл бірінен соң бірі жалғасқан масқаралық саналады",- деді.