Адмирал Ханзади: Иран әскери құрал-жабдық өндіруде өз-өзіне жеткіліктілікке ие
ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иранға қарсы кең ауқымды саяси және экономикалық санкциялардың салынғанына тоқталып, ИИР-ның әскери құрал-жабдық өндіруде өз-өзіне жеткіліктілікке қол жеткізгенін айтты.
Pars Today сайтының дүйсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, адмирал Хосейн Ханзади Иран Телерадио бірлестігінің Шетелдік торабы департаментінің Sahar телеарнасына келген кезде елдің әскери жетістіктері туралы айтқан сөзінде Иранның әскери кеме жасау әлеуетіне ие екенін, шамамен барлық кемелер мен ұшатын әскери бірліктерді техникалық тұрғыдан сақтау мен жөндеу істерінің толығымен елдің ішінде жүзеге асырылатынын баса айтты.
Адмирал Ханзади алдағы бірнеше айда бір сүңгуір қайық пен жаңа, дамытылған екі эсминецтің Иран Армиясы теңіз күштеріне қосылатынын хабарлап, Иран Армиясы Теңіз күштерінің барлық потенциалының аймақтың бүкіл елінің мүддесі мен ұжымдық қауіпсіздік пен қауіпсіздіктің тұрақты жағдайын қамтитынын қуаттады.