Әли Лариджани Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы болып қайта сайланды
(last modified Wed, 30 May 2018 08:50:54 GMT )
Maм 30, 2018 14:50 Asia/Almaty
  • Әли Лариджани Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы болып қайта сайланды

Әли Лариджани көпшілік дауысқа ие болып, үшінші рет Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Бүгін, сәрсенбі күні 279 депутаттың қатысуымен Мәжіліс Төрағасының сайлауы өтіп, Әли Лариджани сайлаудың екінші кезеніңде 147 дауысқа ие болып, үшінші рет заң шығаратын органның басшысы болып сайланды. Мұхаммад Реза Ареф 123 "оң" және 9 жарамсыз дауысқа ие болды. Мәжіліс отырысының басында Мәжіліс төрағасы лауазымына үміткерлердің есімдері жарияланды.

 

 

Тегтер