Иранның оңтүстік-шығысында бір лаңкестік топтың көзі жойылды
(last modified Wed, 30 May 2018 14:26:10 GMT )
Maм 30, 2018 20:26 Asia/Almaty
  • Иранның оңтүстік-шығысында бір лаңкестік топтың көзі жойылды

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучестан облысының полиция басшысы Сераван шаһрестанында бір лаңкестік топтың көзі жойылғанын хабарлады.

Полиция хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Систан мен Балучестан облысының Полиция басшысы бригада генералы Мохаммад Ғамбари бүгін сәрсенбі күні полиция күштерінің Сераван шекарасындағы ортақ аймақта революцияға қарсы лаңкестік топтардың мүшелерімен қақтығысып, олардың бірін өлтіргендерін, операцияларда лаңкестерден жеңіл және жартылай ауыр біршама қару-жарақ пен бірнеше жарғыш заттың, жанкештінің кеудешесі мен көп мөлшердегі оқ-дәрінің тәркіленгенін, полиция  күштеріне ешқандай зиян келмегенін хабарлады. Сераван шаһрестаны Систан мен Балучестан облысының орталығы Заһеданның оңтүстік-шығысынан 335 қашықтықта орналасқан.

 

Тегтер