Ғасеми: АҚШ үкіметі әлемнің кейбір елдеріндегі мазхабтық алуандықты саяси мақсаттарда қолдануды көздейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37448-Ғасеми_АҚШ_үкіметі_әлемнің_кейбір_елдеріндегі_мазхабтық_алуандықты_саяси_мақсаттарда_қолдануды_көздейді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің әлемдегі діни сенім бостандығы туралы есебінің жарияланғанына реакциясында: "ИИР бұл есепті шындыққа жанаспайтын, негізсіз әрі қасақана дайындалған есеп санайды. Ол тек саяси тұрғыдан қолданылу үшін әзірленген",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 31, 2018 16:54 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ үкіметі әлемнің кейбір елдеріндегі мазхабтық алуандықты саяси мақсаттарда қолдануды көздейді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің әлемдегі діни сенім бостандығы туралы есебінің жарияланғанына реакциясында: "ИИР бұл есепті шындыққа жанаспайтын, негізсіз әрі қасақана дайындалған есеп санайды. Ол тек саяси тұрғыдан қолданылу үшін әзірленген",-деді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті сәрсенбі күні жариялаған 2017 жылға арналған діни сенім бостандығы туралы жылдық есебінде Иранды діни сенім бостандығын бұзып отыр деп айыптады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "Діни сенімдер жайлы негізсіз айыптар мазхабаралық қиындықтардың одан ары ушығуына себеп болады. Тек диалог және басқалардың сеніміне құрмет көрсету арқылы ғана мұның алдын алуға болады.

АҚШ үкіметі әлемнің кейбір елдеріндегі мазхабтық алуандықты саяси мақсаттарда қолдануды көздейді. Бұл елдің үкіметінде тіпті басқа елдердің ішкі жағдайы, әсіресе олардың халқының құрамы мен діни жағдайы жайында нақты әрі шынайы мәлімет жоқ",-деді.