Лариджани: АҚШ-тың мәселесі – Иран халқының үстемшілдікке қарсылығы
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың мәселесі Иран халқының үстемшілдікке қарсылығы екенін айтып: "АҚШ пен оның одақтастары Таяу Шығыс аймағында лаңкестік топтарды құрып, Иранның қауіпсіздігіне қатер төндіргісі келеді",-деді.
Mehr ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани кейбір аймақ елдерінің АҚШ-тың үстемшілдігіне қатысты пассивті ұстанымдарына тоқталып: "ИИР америкалықтардың халықаралық диктаторлығына қарсы тұрып келе жатқанын мақтан тұтады",-деп қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Дүниежүзілік Құдс күнінің жақындап қалғанына тоқталып: "Имам Хомейни әрдайым Израильмен күресу қажеттігін баса айтып, бұл режим обыр ісігіне айналып, аймақты тынышсыздандырып отыр деп санады. Бұл тақырыпты бүгінде сионистік режимнің аймақта қалыптасқан бейберекеттіктегі бүлдіргі рөлінен көруге болады",-деді.